Семей қаласы мәслихатының депутаты, AMANAT партиясы мүшесі Садықов Айдын дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ашылуына демеушілік көрсетіп, спорт жабдықтарын табыс етті

Семей қаласы мәслихатының депутаты, AMANAT партиясы мүшесі Садықов Айдын дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ашылуына демеушілік көрсетіп, спорт жабдықтарын табыс етті

Семей қаласы мәслихатының депутаты, AMANAT партиясы мүшесі Садықов Айдын Жаңасемей ауданы Алғабас ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ашылуына демеушілік көрсетіп, спорт жабдықтарын табыс етті. Шарада спорт инфрақұрылымын дамыту маңызды екені айтылып, құрылыста еңбек еткен азаматтарға партия атынан алғыс хаттар берілді.

Офф-тейк келісімімен 2024 жылы басталып, биыл толық аяқталған кешеннің аумағы 888,5 м², бір мезетте 110 адамды қабылдай алады. 883 тұрғыны бар ауылда балалар мен жасөспірімдер көп болғандықтан, волейбол және баскетбол үйірмелеріне жаттықтырушылар қабылдау басталды.