2025 жылғы 27 қарашасында қалалық мәслихаттың әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті

2025 жылғы 27 қарашасында қалалық мәслихаттың әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті

2025 жылғы 27 қарашасында Шолпан Сапаровна Мулдагалиеваның төрағалығымен қалалық мәслихаттың әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Комиссия жұмысына оның мүшелері — Мадина Едилбековна Едилбекова, Арман Нуриевич Толеуханов және Ердос Ерланович Илиясов, сондай-ақ Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Серик Дулатович Жумадилов, Семей қаласының экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары Куаныш Серикпекович Жакыпбеков және мәслихат аппаратының өкілдері қатысты.

Отырыс барысында азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге қатысты мәселелер қаралды, сондай-ақ қала тұрғындарының бірінің өтініші зерделенді.