
Семей қаласы мәслихатының төрағасы Еркен Заманбекұлы Сағандықов Қазақстан Республикасының облыс орталықтарында орналасқан қалалық мәслихаттар төрағаларының бірлескен кеңесіне қатысуда. Іс-шара 2025 жылдың 20–22 қараша аралығында Ақтау қаласында «Өңірлік мәслихаттар арасындағы тәжірибе алмасу: Белгіленген міндеттер, айқындалған бағыт-бағдар» атты семинар-кеңес аясында өтуде.
Семинардың мақсаты — өңіраралық ынтымақтастықты нығайту, озық тәжірибелермен алмасу және жергілікті өкілді органдардың қызметін жетілдіру. Бағдарлама барысында мәслихаттардың жұмыс тиімділігін арттыруға қатысты өзекті мәселелер талқыланып, жергілікті өзін-өзі басқару міндеттерін шешудегі ортақ тәсілдер қарастырылады, сондай-ақ бірқатар нысандарға бару жоспарланған.
Еркен Заманбекұлының аталған іс-шараға қатысуы тиімді тәжірибе алмасуға және өңірлердің өкілді органдары арасындағы өзара тиімді әрі нәтижелі ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталған ұсыныстар қалыптастыруға мүмкіндік береді.