2025 жылғы 17 қарашадағы Семей қаласы Қоғамдық кеңесінің отырысы туралы БАСПАСӨЗ

2025 жылғы 17 қарашадағы Семей қаласы Қоғамдық кеңесінің отырысы туралы БАСПАСӨЗ

2025 жылғы 17 қарашадағы Семей қаласы Қоғамдық кеңесінің отырысы туралы БАСПАСӨЗ.

2025 жылғы 17 қарашада Қоғамдық кеңестің төрайымы Алтынбекова Г.К. төрағалығымен кеңес отырысы өтті. Отырысқа Кеңес мүшелері мен Семей қаласының Кәсіпкерлік бөлімінің басшысының орынбасары Окпенов Т.К қатысты.

Кеңесте 2026 жылға арналған оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимін қолданған кезде салық мөлшерлемесін төмендету туралы Семей қаласы мәслихаты шешімінің жобасына қоғамдық сараптама жүргізу мәселесі қаралды. Сараптама комиссиясы жобаның бизнесті қолдау жөніндегі мемлекеттік саясатқа сәйкес екенін және қоғамдық пікірдің оң екенін атап өтті.

Талқылау қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес жобаны ескертпесіз келісу, 2026 жыл бойы экономикалық әсерін мониторингтеу және жауапты органдарға тоқсан сайынғы талдамалық есептер дайындауды ұсыну туралы шешім қабылдады.