ҚҰРМЕТТІ «ҚАЗАҚСТАН» РТРК» АҚ АБАЙ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ҰЖЫМЫ!

ҚҰРМЕТТІ «ҚАЗАҚСТАН» РТРК» АҚ АБАЙ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ҰЖЫМЫ!

Сіздерді 60 жылдық мерейтойларыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!
Алпыс жылдық тарих – шығармашылық ізденіске, табанды еңбекке, кәсіби шеберлікке толы кезең. Осы уақыт ішінде өңірдің қоғамдық-мәдени өмірінің айнасына айналып, елдің ақпараттық кеңістігін дамытуға зор үлес қосты. Ұжымның әрбір мүшесінің кәсібилігі мен тынбай еңбектенуі арқасында көрермендердің сенімі мен ықыласына бөлендіңіздер.
Төл мерейтойларыңыз сіздерге жаңа серпін, жаңа мүмкіндіктер, шығармашылық табыстар әкелсін! Халыққа сапалы ақпарат пен мазмұнды бағдарлама ұсынудағы абыройлы қызметтеріңіз алда да жалғасын таба берсін.
Сіздерге мықты денсаулық, отбасылық бақыт, еңбекте толайым табыс тілейміз!

Ізгі ниетпен,
Семей қаласы мәслихатының төрағасы
Е. Сагандыков