Семей қаласы мәслихатының тұрақты комиссиясының отырысы өтті

Семей қаласы мәслихатының тұрақты комиссиясының отырысы өтті

2025 жылғы 30 қазанда Семей қаласы мәслихатының өндірістік мәселелер және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Отырыс барысында бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Атап айтқанда, мемлекет мұқтажы үшін жылжымайтын мүлік пен жер учаскелерін сатып алу туралы шарттардың жобасын келісу, Абай облысы Семей қаласы мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы №38/200-VIII «Семей қаласының 2024–2028 жылдарға арналған коммуналдық қалдықтарын басқару жөніндегі бағдарламасын бекіту туралы» шешіміне қалалық прокуратураның енгізген наразылығын орындау барысы талқыланды.

Сонымен қатар, Абай облысы Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің 2025 жылдың 10 айы бойынша есебі мен Семей қаласының дендрологиялық жоспарына қатысты ақпараты тыңдалды.

Күн тәртібіндегі мәселелер егжей-тегжейлі қаралып, тұрақты комиссия тиісті қаулы қабылдап, бірқатар ұсынымдар әзірледі.