
Құрметті қала тұрғындары мен қала қонақтары!
Депутаттық корпус атынан баршаңызды Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл ұлттық мереке халқымыздың тарихи таңдауын айқындай отырып, еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігінің негізіне айналды. Республика күні – халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайтатын, бірлігімізді бекемдеп, ынтымағымызды арттыратын айшықты мереке.
Баршаңызға мықты денсаулық, бақыт, отбасыларыңызға амандық және қаламыз бен еліміздің өркендеуі жолындағы еңбектеріңізге табыс тілеймін!
Құрметпен,
Еркен Сағандыков,
Семей қаласы мәслихатының төрағасы