
2025 жылғы 13–17 қазан аралығында Семей қаласы мәслихатының өкілі Құсайынов Азат Оразайұлы Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Азаматтық қорғау саласындағы ғылыми зерттеулер, даярлау және оқыту жөніндегі ұлттық орталық» АҚ базасында оқудан өтті.
Оқу бағдарламасына еліміздің түрлі өңірлерінен мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарының басшылары қатысты.
Оқыту барысында профессорлық-оқытушылық құрам азаматтық қорғаныс саласындағы кәсіби құзыреттерді арттыруға бағытталған мазмұнды теориялық материал мен практикалық сабақтарды ұсынды.
Тестілеу мен командалық-штабтық оқу-жаттығулардың нәтижелері бойынша Азат Оразайұлы Құсайынов ең үздік тыңдаушы деп танылып, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазақстан ТЖМ тарихы» атты естелік кітабымен марапатталды.
Семей қаласы мәслихатының басшылығы мен ұжымы Азат Оразайұлын лайықты марапатымен құттықтап, қоғам игілігі жолындағы кәсіби қызметінде табыс пен жаңа жетістіктер тілейді.