Әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы

Әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы

2025 жылғы 9 қазанда қалалық мәслихаттың әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы комиссия төрайымы Шолпан Сапарқызы Молдағалиеваның басшылығымен өтті.

Отырыста 6–12 жас аралығындағы балалардың қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған «SAFETY SEMSK балалар қауіпсіздігі мектебі» жобасы қаралды.

Талқылауға мәслихат депутаттары, жобаның бастамашысы – балалар қауіпсіздігі бойынша жаттықтырушы Алия Қасымова, сондай-ақ Семей қаласының ішкі саясат және білім бөлімдерінің өкілдері қатысты.

Депутаттар бастаманың өзектілігі мен әлеуметтік маңыздылығын атап өтіп, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне кешенді көзқарас қажет екенін жеткізді.