Құрметті ұстаздар қауымы! Ардақты білім саласының ардагерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз - Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Құрметті ұстаздар қауымы! Ардақты білім саласының ардагерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз - Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Құрметті ұстаздар қауымы!
Ардақты білім саласының ардагерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз - Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! 
«Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан» деп дана Абай айтқандай, ұстаздық - тек кәсіп емес, ол - үлкен жауапкершілік пен өмірлік миссия.
«Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» – демекші, ұстаздық – мәртебелі мамандық. Себебі ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастыратын ардақты тұлға.
Жоғары кәсіпқойлықты, зор рухани күшті, даналықты, шыдамдылықты және адалдықты талап ететін игілікті еңбектеріңіз қоғамда лайықты құрметке ие.
Қаламыздың білім беру саласын дамытуға және өскелең ұрпақты тәрбиелеуге баға жетпес үлес қосқан ұстаз – ардагерлерге ерекше алғыс айтамыз!
Бүгінгі мереке күні сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, сарқылмас күш-қуат, шығармашылық шабыт тілеймін! Еліміздің атын әлемге танытатын білімді де, талантты шәкірттеріңіз көбейе берсін!

Құрметпен,
Семей қаласы мәслихатының төрағасы
Еркен Сағандықов