Құрметті техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен – Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздердің еңбектеріңіз – білікті мамандарды тәрбиелеудің, елдің болашағын қалыптастырудың негізі. Жас ұрпаққа сапалы білім, тиянақты тәрбие берудегі қажырлы қызметтеріңіз әрдайым бағалы.
Еңбектеріңізге жеміс, зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шығармашылық табыс тілеймін!
Құрметпен,
Семей қаласы мәслихатының төрағасы
Еркен Сағандықов