Қарттар күні қарсаңында 1 қазан күні депутаттық корпус пен мәслихат аппаратының атынан аппараттың ардагерлерін ардақтап, мерейлі жастарына және еңбектеріне құрмет көрсетті

Қарттар күні қарсаңында 1 қазан күні депутаттық корпус пен мәслихат аппаратының атынан аппараттың ардагерлерін ардақтап, мерейлі жастарына және еңбектеріне құрмет көрсетті

Қарттар күні қарсаңында 1 қазан күні депутаттық корпус пен мәслихат аппаратының атынан аппараттың ардагерлерін ардақтап, мерейлі жастарына және еңбектеріне құрмет көрсетті.

Атап айтқанда, абыройлы еңбек жолымен үлгі болған Айтжан Қапанқызын 75 жасқа толған мерейтойымен шын жүректен құттықтадық. Сондай-ақ Жібек Мұқанқызы, Лидия Яковлевна, Алмагүл Хасенқызы, Зәуре Сатыбалдықызы, Атабек Абдулғалымұлы сынды ардагерлеріміздің де еңбегіне тағзым етіп, алғысымызды білдірдік.

Олар ұзақ жылдар бойы адал қызмет атқарып, білімі мен тәжірибесін жас буынға үйретіп, ұжым ішінде сыйлы да қадірлі жандарға айналды.

Біз үшін ардагерлердің еңбегі мен өмірлік жолы – өшпес өнеге.
Барша ардагерлерімізге зор денсаулық, амандық, ұзақ ғұмыр тілейміз!