Құрметті радио қызметкерлері! Сіздерді 1 қазан – Радио күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Құрметті радио қызметкерлері!  Сіздерді 1 қазан – Радио күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Құрметті радио қызметкерлері!

Сіздерді 1 қазан – Радио күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Радио – қоғамның ақпараттық кеңістігінің маңызды бөлігі. Ол халыққа жедел, шынайы ақпарат жеткізіп, мәдениет пен руханияттың дамуына, еліміздегі тұрақтылық пен бірлікті нығайтуға зор үлес қосып келеді.

Бұл күні біз эфирде еңбек ететін журналистерді, жүргізушілерді, редакторлар мен техникалық мамандарды шынайы алғысымызбен атап өтеміз. Сіздердің кәсіби шеберліктеріңіз бен жауапкершіліктеріңіз – қоғамдағы ашықтықтың және халықты сапалы ақпаратпен қамтамасыз етудің кепілі.

Сіздерге мықты денсаулық, жаңа шығармашылық табыстар және зор жетістіктер тілеймін. Эфирлеріңіз әрдайым мазмұнды, тыңдармандарыңыз көп болсын!

Құрметпен,

Семей қаласы мәслихатының төрағасы

Еркен Сағандықов