Семей қаласы мәслихатының бюджет және экономиканы дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті

Семей қаласы мәслихатының бюджет және экономиканы дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті

2025 жылғы 19 қыркүйекте Семей қаласы мәслихатының бюджет және экономиканы дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселесі қаралды.

Жыл басынан бері кәсіпкерлік субъектілерінен бюджетке 41,4 млрд теңге түсті (өсім – 15,4%). 26,9 млрд теңгеге 211 жоба қаржыландырылып, әлеуметтік кәсіпкерлікке 8 грант берілді. Жаңа бизнес-идеяларға 103 грант бөлінді.
Отырыс барысында шағын және орта кәсіпкерлерге қолдау көрсету шаралары және ірі жобаларға инвестиция тарту мәселелері талқыланды.