Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен!

Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен!

Құрметті Семейліктер!

Қалалық мәслихаттың депутаттық корпусының және өз атыман баршаңызды Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Ата Заң – мемлекетіміздің берік тұғыры, азаматтарымыздың құқықтары мен бостандықтарының кепілі, бірлік пен келісімнің нышаны. Конституция еліміздің стратегиялық даму бағытын айқындап, демократия мен заң үстемдігін нығайтуға негіз болып отыр.

Бүгінде біз жаңғыру мен тұрақты даму жолымен нық қадам жасап келеміз. Бұл үдерісте әрқайсымыз туған қаламыздың әрі бүкіл Қазақстанның өркендеуіне өз үлесімізді қосудамыз.

Баршаңызға амандық, мықты денсаулық, жарқын болашаққа сенім және жаңа жетістіктер тілеймін!

Құрметпен,
Семей қаласы мәслихатының төрағасы
Еркен Сағандыков