
«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясына Семей қаласы мәслихатының депутаттары белсене атсалысып қатысып келеді. Бүгінгі күні бір топ депутат осы игі шараны жалғастырып, оқушыларға спорттық форма, аяқ киім, сондай-ақ кеңсе тауарларымен жабдықталған сөмкелер табыстады.
Мұндай іс-шаралар балалардың жаңа оқу жылына даярлығын қамтамасыз етіп қана қоймай, білім алуда тең мүмкіндіктер жасауға да ықпал етеді.