23 тамызда “Таза Қазақстан” экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасы аясында сенбілік өтті.
Шараға қалалық мәслихат депутаттары мен аппарат қызметкерлері қатысып, бірлесіп аумақты тазалау және абаттандыру жұмыстарын жүргізді.
Мұндай игі іс-шаралар экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және қаламыздың тазалығын сақтауға ықпал етеді.
Белсенділік танытып, үлес қосқан барша қатысушыларға алғыс білдіреміз!