2025 жылғы 20 тамызда қалалық мәслихаттың қырық сегізінші кезектен тыс сессиясы өтті

2025 жылғы 20 тамызда қалалық мәслихаттың қырық сегізінші кезектен тыс сессиясы өтті

Күн тәртібінде 4 мәселе қаралды:

  1. Абай облысы Семей қаласы мәслихатының 2024 жылғы 29 наурыздағы №23/134-VIII «Семей қаласында тұрғын үй көмегін  көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

          Өзгерістерге сәйкес, тұрғын үй көмегін көрсетуге құжаттарды қарау және шешім қабылдау мерзімі 8 жұмыс күнінен 6 жұмыс күніне дейін қысқартылды.

  1. Сайлау комиссияларынан шыққандардың орнына жаңадан мүшелер  сайлау  туралы.

          Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктерден 68 адам сайлау комиссияларының құрамына сайланды.

  1. «Семей қаласы   мәслихатының  тұрақты комиссияларының дербес құрамы туралы» Семей қаласы мәслихатының 2023 жылғы 30 наурыздағы  № 1/8-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

          Өндірістік мәселелер және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту жөніндегі тұрақты комиссия құрамынан мәслихат төрағасы болып сайлануына байланысты Еркен Заманбекұлы Сағандыков шығарылды. Сонымен қатар, бұған дейін мәслихат төрағасы қызметінен босатылған Айболат Қайыркешұлы Бекжасаров бюджет және экономиканы дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия құрамына сайланды.

  1. Семей қаласы мәслихаты төрағасының міндетін уақытша атқару өкілеттігін жүктеу туралы.

          Мәслихат төрағасы болмаған кезде, Семей қаласы  мәслихаты төрағасының өкілеттіктерін кезекті шақырылымның барлық мерзіміне № 20 cайлау округінің депутаты Канат Муратович Шапатовқа уақытша жүктеу туралы шешім қабылданды.