Семей қаласы мәслихаты депутаттарының және қала тұрғындарының назарларына.
Семей қаласы мәслихатының кезектен тыс сессиясы 2025 жылғы 20 тамызда сағат 10.00-де өтеді.
Депутаттарды және шақырылғандарды тіркеу 9 сағ. 30 мин.
Өткізілетін орны: Семей қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 4, мәжіліс залы 309.
Ұсынылатын күн тәртібі:
- Абай облысы Семей қаласы мәслихатының 2024 жылғы 29 наурыздағы № 23/134- VIII «Семей қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- Сайлау комиссияларынан шыққандардың орнына жаңадан мүшелер сайлау туралы.
- «Семей қаласы мәслихатының тұрақты комиссияларының дербес құрамы туралы» Семей қаласы мәслихатының 2023 жылғы 30 наурыздағы № 1/8-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Семей қаласы мәслихаты төрағасының міндетін уақытша атқару өкілеттігін жүктеу туралы.