2025 жылдың 10 тамызында Хәкім Абайдың мерейтойына арналған шаралар өз мәресіне жетті

2025 жылдың 10 тамызында Хәкім Абайдың мерейтойына арналған шаралар өз мәресіне жетті

Ұлы ойшыл, ағартушы, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған ауқымды іс-шаралар Абай ауданының қасиетті Қарауылтөбе жерінде өз мәресіне жетті.

Салтанатты жиынға Семей қаласы мәслихатының депутаттары қатысып, рухани құндылықтарымызды дәріптеу мен ұлт бірлігін нығайтуға бағытталған игі бастамаларға үн қосты.

Абайдың өнегелі өмірі мен мұрасы – ұрпаққа мәңгілік бағдаршам, ал оның туған топырағында өткен бұл шаралар – ел руханиятының биік шыңын паш еткен тарихи оқиға болды.