2025 жылдың 10 тамыз күні Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы аясында Семей қалалық мәслихатының депутаттары мен аппарат қызметкерлері қасиетті Қарауыл топырағына ат басын бұрды.
Сапар барысында ұжым Күшікбай батыр ескерткішіне, Еңлік – Кебек кесенесіне және Абай–Шәкәрім мемориалдық кешеніне аялдап, тағзым етіп, құран бағыштады.
Бұл сапар – бабалар аманатын дәріптеу, ұлттық рух пен бірлікті нығайту жолындағы тағылымды қадам.