Семейде зағип және нашар көретін жандарға арналған кітапхана ашылды

Семейде зағип және нашар көретін жандарға арналған кітапхана ашылды

2025 жылдың 6 тамызында ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар аясында зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхананың салтанатты ашылуы өтті.

Кітапхана «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры мен «Кемелді қадам» қоғамдық қорының қолдауымен, «Абай облысы кітапханаларын заманауи стандарттарға сай жаңғырту» жобасы аясында салынды.

Аталған кітапхананың ашылуы — қоғамдағы инклюзияны дамыту жолындағы маңызды қадам. Бұл жоба арқылы көру қабілеті шектеулі азаматтардың білім алуға, рухани дамуға тең мүмкіндіктерге ие болуына жол ашылады.