Семей қаласы әкімдігінің қолдауымен Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай ұйымдастырылған «Abai Rukhy Fashion Week» этно-көрсетіліміне қалалық мәслихат төрағасы Еркен Сагандыков пен мәслихат аппаратының басшысы Лаура Мусина қатысты.
Іс-шара барысында халықаралық деңгейдегі дизайнерлердің этникалық бағыттағы киім топтамалары көрсетіліп, ұлттық нақыштағы сән үлгілері көрермен назарына ұсынылды.
Мәдени бағдарлама мен заманауи стильді тоғыстырған сән кеші көрермендерге ерекше әсер қалдырды.