4 тамызда қалалық мәслихаттың өндірістік мәселелер және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Комиссия отырысын тұрақты комиссияның төрағасы Жаныбек Кабдуллин жүргізді.
Отырыстың жұмысына қалалық мәслихаттың төрағасы Еркен Сағандықов, тұрақты комиссия мүшелері Рауан Есмағанбетов, Айдын Садықов, Ақмарал Мұрат және Асқар Абдуллин қатысты.
Күн тәртібінде жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару туралы шарт жобасын келісу мәселесі қаралды. Бұл мәселе бойынша тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Диана Шаяхметова баяндама жасады. Сондай-ақ отырысқа жер учаскесінің иесі де қатысты.
Талқылау қорытындысы бойынша комиссия мүшелері Телефонная көшесі, 17 мекенжайындағы жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару туралы шарт жобасын келісу жөнінде қаулы қабылдады.