Мәслихат депутаттары этноауылдың  ашылу рәсіміне қатысты

Мәслихат депутаттары этноауылдың  ашылу рәсіміне қатысты

1 тамыз күні Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы аясында «Бейбітшілік» аралында  ұйымдастырылған этноауыл қызметінің ашылу рәсіміне Семей қаласы мәслихатының төрағасы Еркен Заманбекұлы Сағандықов және депутаттар қатысты.

Мерекелік шара барысында ұлттық киіз үйлермен танысып, көрме-жәрмеңкені аралап, ұлттық спорт түрлерінен өткен жарыстарды тамашалады. Сондай-ақ, халық қолөнері, тағамдар, концерттік бағдарламалар мен өнерпаздардың өнері ерекше көңіл-күй сыйлады.