Құрметті Айболат Қайыркешұлы!
Семей қаласы мәслихатының төрағасы қызметінде абыройлы еңбек етіп, өкілді органның ашықтығы мен тиімді жұмысына үлкен үлес қосқаныңыз үшін Сізге шын жүректен алғысымызды білдіреміз.
Депутаттық корпус Сіздің басшылығыңызбен қаланың өзекті мәселелерін шешуде бірлесіп, нәтижелі жұмыс атқарды. Сізге зор денсаулық және алдағы қызметіңізде биік белестер тілейміз!
Құрметпен,
Семей қаласы мәслихатының депутаттары