2025 жылғы 16 шілдеде Семей қаласы мәслихатының кезектен тыс қырық алтыншы сессиясы өтті. Күн тәртібінде 3 сұрақ қаралды: 1. Қаланың терроризмге қарсы комиссиясының дербес құрамы туралы. 2. «Семей қаласы мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 38/195-VIII «Семей қаласының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы. 3. Семей қаласының жағажай аумағын абаттандыру туралы. Бірінші сұрақ бойынша кадрлық ауысуларға байланысты қаланың терроризмге қарсы комиссиясының құрамына өзгерістер енгізіліп, бекітілді. Екінші сұрақ бойынша Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 96-бабына сәйкес бюджет қаражатын тиімді пайдалану мақсатында қала бюджетінің кіріс және шығыс бөлігіне жекелеген бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, бюджеттің кіріс бөлігін 9 468 491,0 мың теңгеге ұлғайту, шығыстарды 679 693,3 мың теңгеге азайту көзделген. «Семей қаласының жағажай аумағын абаттандыру туралы» мәселесі сессияның күн тәртібіне депутаттардың ұсынысы бойынша енгізілген. Бүгінгі күні қаламызда жабдықталған жағажайлардың болмауына байланысты, қала тұрғындарының суға түсуі кезіндегі қауіпсіздік шараларының сақталмауына әкеп соғады. Мәселені талқылау қорытындысы бойынша уәкілетті органдарға төтенше жағдайлар жөніндегі басқармамен келісе отырып, қалалық жағажайлардың орындарын айқындау және оларды абаттандыруға жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу ұсынылды.