Семейлік спортшылар халықаралық жарыста ел намысын абыроймен қорғады.

Семейлік спортшылар халықаралық жарыста ел намысын абыроймен қорғады.

Семейлік спортшылар халықаралық жарыста ел намысын абыроймен қорғады.

2025 жылғы 6–13 шілде аралығында Жапонияның Химэдзи қаласында Халықаралық пауэрлифтинг федерациясының (IPF) нұсқасы бойынша Азия, Африка және Мұхит елдерінің спортшылары арасында пауэрлифтинг пен жатып сығымдау чемпионаты өтті.

Аталған беделді халықаралық додада Абай облысы, Семей қаласының спортшыларынан құралған құрама Қазақстан Республикасының намысын абыроймен қорғап шықты.

Айта кету керек, бұл құраманың ішінде Семей қалалық мәслихатының депутаты, белсенді спортшы Андрей Алтайбаев та бар. Ол чемпионатта жоғары нәтижеге қол жеткізіп, ел намысын қорғауға сүбелі үлес қосты. Мәслихат депутаты ретінде ғана емес, сондай-ақ спорттағы жетістіктерімен де үлгі болып жүрген азаматтың бұл жеңісі – көпке өнеге.

Семей қаласы мәслихатының депутаттары барша спортшыларды, соның ішінде әріптесімі Андрей Алтайбаевты шын жүректен құттықтай отырып, алдағы спорттық бәсекелерде толағай табыстар мен жарқын жеңістер тілейді!