2025 жылғы 15 шілдеде қалалық мәслихаттың өндірістік мәселелер және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы онлайн режимде өтті. Отырысқа мәслихат төрағасының м.а. Қанат Шапатов, Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Бақтияр Топаев, Семей қаласының төтенше жағдайлар басқармасы азаматтық қорғаныс тобының аға офицері Темірлан Серікқалиұлы қатысты.
Күн тәртібінде «Семей қаласының жағажай аумағын абаттандыру туралы» мәселе қаралды. Талқылау қорытындысы бойынша комиссия:
▪ «Семей» ӘКК балансына беру үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға қалалық жағажайлардың орындарын айқындау;
▪ жағажайларды абаттандыруға бюджеттік өтінім дайындау;
▪ қалалық бюджетті нақтылау кезінде тиісті қаражат бөлу мүмкіндігін қарастыру;
▪ мәселені қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясына енгізуді ұсыну туралы қаулы қабылдады.
Қала жағажайларын абаттандыру мәселесі – Семей қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін қолайлы қалалық орта қалыптастырудың маңызды бөлігі.