29 маусымда шахматтан II «Senat Open Cup-2025» ашық кубогының жартылай кезеңі аяқталды. Интеллектуалдық сайысқа Астана қаласы, Абай, Қарағанды және Ұлытау облыстарында өткізілген іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары қатысты. Олардың қатарында Семей қаласы мәслихаты аппаратының басшысы Лаура Мусина да бар.
Жарыстың қорытындысы бойынша финалға жолдама алған ойыншылар ендігі кезекте тамыз айында Астана қаласында өтетін ойындарда кездеседі.