2025 жылғы 27 маусымда Семей қаласы мәслихатының кезекті қырық бесінші сессиясы өтті.
Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
- Семей қаласында ішкі туризмді дамыту туралы;
- Семей қаласының тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің 2024 жылы атқарылған және 2025 жылға жоспарланған жұмыстары туралы ақпарат;
- Семей қаласының экономика және қаржы бөлімінің қаланың коммуналдық меншігін басқару жөніндегі жұмысы туралы;
- Семей қаласы мәслихатының бюджет және экономиканы дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі;
- «Абай облысы Семей қаласының тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылардың санаттарының тізімін анықтау туралы» 2022 жылғы 20 желтоқсандағы № 37/265-VII Абай облысы Семей қаласы мәслихатының шешіміне толықтырулар енгізу туралы»;
- «Семей қаласы бойынша 2025 жылға арналған шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемесін бекіту туралы»;
- «Абай облысының аудандары мен Семей қаласының шекараларын белгілеу және өзгерту туралы» Абай облысы әкімдігінің 2024 жылғы 12 сәуірдегі № 78 бірлескен қаулысына және Абай облыстық мәслихатының 2024 жылғы 12 сәуірдегі № 14/103-VIII шешіміне өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстар енгізу туралы».
- Абай облысы Семей қаласы әкімдігінің құрамын бекіту туралы. Талқылау қорытындысы бойынша барлық сұрақтар бойынша тиісті шешімдер қабылданды.