Салтанатты жиынға қалалық мәслихат төрағасы Айболат Бекжасаров, қала әкімі м.а. Бекжан Бапышев, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті басшының орынбасары Қайрат Сапарғалиев, мемлекеттік органдардың басшылары және мемлекеттік қызмет саласының ардагерлері қатысты.
Іс-шара барысында мемлекеттік қызмет саласындағы үздік мемлекеттік қызметшілер мен ардагерлер марапатталып, жас мамандар ант қабылдады.
Қоғамға адал қызмет етіп жүрген азаматтарға құрмет көрсетілді. Шарада ұрпақтар сабақтастығы, кәсіби адалдық пен жауапкершілік биік бағаланды.
Мемлекеттік қызмет – ел мен халықтың аманаты. Барша мемлекеттік қызметшілерге толағай табыс, қажырлы еңбек пен береке тілейміз!