«Qamqor» мобильді қосымшасы

«Qamqor» мобильді қосымшасы

x«Qamqor» мобильді қосымшасы
Заңсыз тексерулер: қалай болдырмау және қайда арыздану керек?
Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің «Qamqor» мобильді қосымшасы Сіздің бизнесіңізді заңсыз тексерулерден қорғайтын болады.
- егер сізге тексеру келсе, сіз кез келген мемлекеттік орган тексеруінің заңдылығын тексере аласыз (санэпидбақылау, өрт қызметі, салықтық тексеру және т.б.)
- сізге (бизнесіңізге қатысты) жоспарланған тексеріс туралы алдын ала білетін боласыз. Мобильді қосымша iOS үшін қолжетімді (https://appsto.re/us/tOyoib.i)
«Qamqor» мобильді қосымшасы қалай жұмыс істейді?
1) Қосымшаны өз смартфоныңызға орнатыңыз
2) Тексеру тағайындау туралы актінің нөмірін енгізіңіз (авторизация міндетті емес) 3) Тексеріс нысаны мен күні туралы толық ақпаратты
4) Бұзушылық болған жағдайда, қосымша арқылы шағым жолдаңыз
5) Ұтқыр топ келіп түскен шағымдармен айналысады
6) Тексеру күшін жояды және тексерушілер жауапкершілікке тартылады.