Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым ордасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Байқау кеңесінің мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурс туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым ордасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Байқау кеңесінің мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурс туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ғылым ордасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесінің мүшелерін іріктеу бойынша конкурс жариялайды.

Конкурстың өтетін орны: 010000, Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы 8, Министрліктер Үйі, 11 кіреберіс.

Кәсіпорнының мекенжайы, байланыс телефондары: 050010, Алматы қ., Шевченко к-сі, 28, т. 8/727/272-87-88.

Кәсіпорынның негізгі қызметі: Ғылым және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы өндірістік-шаруашылық қызмет, бірыңғай ақпараттық-кітапханалық кеңістік құру, тарихи-мәдени және ғылыми мұраны сақтау және дамыту, оны одан әрі зерделеу және жан-жақты насихаттау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім, сондай-ақ мынадай талаптардың біріне сәйкестігі:

1) ғылым саласында кемінде он жыл жұмыс тәжірибесі;

2) ғылым саласында кемінде бес жыл басшылық жұмыс тәжірибесі (заңды тұлғаның басшысы немесе оның орынбасарлары);

3) ғылым саласындағы қоғамдық бірлестіктерге мүше болуы.

Байқау кеңесінің мүшесі ретінде мынадай адамды сайлауға болмайды:

1) соттылығы өтелмеген немесе алынбаған;

2) заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан астам осы заңды тұлғаның басшысы болған;

3) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;

4) байқау кеңесінің басқа мүшесімен немесе мемлекеттік кәсіпорын басшысымен жақын туыстық және туыстық қатынастағы.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш (еркін нысанда жазылған);

2) қазақ және орыс тілдеріндегі түйіндеме;

3) өмірбаян (еркін нысанда жазылған);

4) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

5) жоғары білімі туралы құжаттың көшірмесі;

6) Кодекстің 35-бабында көрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері;

7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары жоқ екендігін растайтын құжаттар.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, алдындағы жұмыс орнының басшылығынан ұсыным) беруіне болады.

Қатысушы конкурстық өтінімнің түпнұсқасын конвертке жабады, оны «Түпнұсқа» деп белгілейді. Бұл конвертте қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және мекенжайы көрсетіледі. Осыдан кейін конверт сыртқы конвертке жабылады. Ішкі және сыртқы конверттерінде ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің мекенжайы: 010000, Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер Үйі, 11 кіреберіс, 951-кабинет көрсетілуі тиіс, және «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетінің «Ғылым ордасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Байқау кеңесі мүшелерінің конкурсы» деген сөздер қамтылуы тиіс.

Құжаттар мерзімді баспасөз басылымдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде ұсынылуға тиіс.

Кандидаттың конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптарға сәйкестігін бағалау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім Министрлігінің ғылым комитетінде әңгімелесу өткізіледі.

Анықтама телефондары: 8/7172/74 24 62.