010000, Астана қ., Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, 11-кіреберісте орналасқан Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қоғам) директорлар кеңесінің тәуелсіз директорларына конкурс жариялайды (Қоғамның мекен-жайы: Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, 221).
Кәсіпорын қызметінің негізгі түрлері:
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Қоғамның Директорлар кеңесінің (бұдан әрі – ДК) тәуелсіз директорларына конкурстық іріктеу мынадай талаптардың біріне жауап беретін кандидаттарды іздеу мақсатында жүргізіледі:
5) тәуелсіз директордың функционалдық міндеттеріне, Директорлар кеңесі комитеттеріне мүшелікке байланысты белгілі бір салаларда арнайы дағдыларға, жеткілікті дамыған коммуникативтік дағдыларға ие болуы, жұмыста ашықтық, объективтілік, конструктивтілік және кәсібилік қағидаттарына негізделуі;
6) кандидаттың іскерлік және / немесе салалық ортада мінсіз беделінің болуы, жоғары этикалық нормалардың сақталуы. Кандидаттың өмірбаянында Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы, коммерциялық және өзге де ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстар, кәсіпкерлік қызметтегі құқық бұзушылықтар және/немесе әдеп нормалары мен тәртібін бұзуға әкеп соққан әрекеттер, сондай-ақ теріс әрекеттер бойынша алдыңғы жұмыс орындарынан жұмыстан босату фактілерінің болмауы;
7) кандидат талдамалық және коммуникативтік дағдыларға, командалық өзара іс-қимыл, сендіру және ықпал ету дағдыларына, заңдылық, әділеттілік және барлық мүдделі тараптарға тең көзқарас қағидаттары негізінде мәселе бойынша позицияны әзірлеу қабілетіне ие болуы, көпшілік пікірінен өзгеше болса да, өз пікірін білдіруі, өзінің мамандануы немесе тәжірибесі шеңберімен шектелмей, жағдайды объективті бағалауы;
8) кандидаттың басқа компаниялардың 4 (төрт) директорлар кеңесіне мүшелігінің болмауы назарға алынады.
Конкурсқа қатысуға мынадай адамдар қабылданбайды:
1) заңнамада белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
2) бұрын оны мәжбүрлеп тарату, акцияларды мәжбүрлеп сатып алу, консервациялау немесе белгіленген тәртіппен банкрот деп тану туралы шешім қабылданғанға дейінгі бір жылдан аспайтын кезеңде басқа заңды тұлғаның ДК төрағасы, бірінші басшысы (Басқарма төрағасы), басшысының орынбасары, бас бухгалтері болып табылған. Көрсетілген талап белгіленген тәртіппен мәжбүрлеп тарату, акцияларды мәжбүрлеп сатып алу, консервациялау немесе банкрот деп тану туралы шешім қабылданған күннен кейін бес жыл ішінде қолданылады;
3) сот меншікке, экономикалық қызмет саласында немесе коммерциялық немесе өзге де ұйымдарда қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар жасағаны үшін кінәлі деп таныған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтар немесе 36-бабы негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылған. Көрсетілген талап заңда белгіленген тәртіппен өтелген не алынған, сотталғандығы не қылмыстық жауаптылықтан босатылған күннен бастап 5 (бес) жыл ішінде де қолданылады;
4) жоғары білімі жоқ;
5) заңнамаға сәйкес ДК мүшесінің міндеттерін орындауға кедергі келтіретін өзге де қасиеттерге ие тұлға тәуелсіз директор болып сайланбайды.
Конкурсқа қатысуға үміткер адамдардан құжаттар қабылдау басталатын күн тізілімнің конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап айқындалады. Конкурсқа қатысуға үміткер адамдар үшін құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы жарияланған күннен кейін күнтізбелік 10 (он) жұмыс күні өткен соң аяқталады.
Конкурсқа қатысуға үміткер адам конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» акционерлік қоғамының корпоративтік басқарудың кейбір мәселелері туралы» 2025 жылғы 25 сәуірдегі №12-нж бұйрығымен бекітіліген сайлау ережесіне сәйкес конкурсқа қатысу туралы өтінішті қазақ және орыс тілдеріндегі түйіндемемен қоса электрондық нысанда ұсынады.
Комиссия жүргізген бағалау нәтижелері бойынша қойылатын талаптарға сәйкес қатысушылар әңгімелесуге оның өткізілетін күні, уақыты және орны көрсетіле отырып шақырылады.
Әңгімелесуге жіберілген конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы жүргізіледі.
Комиссия конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу өткізу кезінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуін тексереді.
Анықтама телефоны:
8(7172) 74-24-62
Электронды пошта: d.mukhamedieva@sci.gov.kz
«Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» акционерлік қоғамының Тәуелсіз директорларын конкурстық іріктеу қағидаларына 1-қосымша
«Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» акционерлік қоғамының Тәуелсіз директорлығына кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптары
1) Қоғамның үлестес тұлғасы және ол директорлар Кеңесіне сайланар алдындағы 3 (үш)жыл ішінде (Қоғамның тәуелсіз директоры лауазымында болған жағдайды қоспағанда) үлестес тұлға болып табылмаса;
2) Қоғамның үлестес тұлғаларына үлестес тұлға болып табылмайды;
3) Қоғамның лауазымды адамдарымен немесе Қоғамның аффилиирленген тұлғаларына – ұйымдарына бағынышты емес және Директорлар кеңесіне сайланғанға дейінгі 3 (үш) жыл ішінде осы тұлғаларға бағынбайды;
4) мемлекеттік қызметші емес;
5) Қоғамның аудиторы емес және Директорлар кеңесіне сайланғанға дейінгі 3 (үш) жыл ішінде ол аудитор болған емес;
6) аудиторлық ұйымның құрамында жұмыс істейтін аудитор ретінде Қоғамның аудитіне қатыспайды және оның Директорлар кеңесіне сайлануының алдындағы 3 (үш) жыл ішінде мұндай аудитке қатыспаған.
1) реттеушілік міндеттемелер;
2) ұлттық және халықаралық нарықтардағы бәсекелестік орта;
3) Қоғамның Директорлар кеңесінің тиісті комитетіне мүшелік кезінде сараптамалық пікірді қамтамасыз ету үшін корпоративтік қаржы, аудит және ішкі бақылау, стратегия және/немесе тағайындау және/немесе сыйақы мәселелері саласындағы ерекшеліктер.
ІІ. Тәуелсіз директорға кандидат бола алмайды:
«Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» акционерлік қоғамының Тәуелсіз директорларын конкурстық іріктеу қағидаларына 2-қосымша |
Өтініш
Осы өтініш арқылы «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің мүшелігіне тәуелсіз директор ретінде сайлануға өз келісімімді растаймын. Сондай-ақ, көрсетілген «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» акционерлік қоғамының аффилиирленген тұлғасы болып табылмайтынымды және соңғы үш жыл ішінде үлестес болмағанымды, аталған «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» акционерлік қоғамының аффилиирленген тұлғаларымен – «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» акционерлік қоғамының үлестес тұлғаларымен аффилиирленген тұлға болып табылмайтынымды және олардың лауазымды тұлғаларына бағынышты емес екенімді; осы «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» акционерлік қоғамының аудиторы еместігімді және соңғы үш жыл ішінде аудиторы болмағанымды, аудиторлық ұйымның құрамында жұмыс істейтін аудитор ретінде «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» акционерлік қоғамының аудитіне қатыспағанымды және соңғы үш жыл ішінде мұндай аудитке қатысқан еместігімді растаймын.
____________(қолы)
____________ (толық аты-жөні)
Күні
_____ ________ 202___ж.
«Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» акционерлік қоғамының Тәуелсіз директорларын конкурстық іріктеу қағидаларына 3-қосымша |
«Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы»
акционерлік қоғамының тәуелсіз директоры лауазымына кандидат туралы мәліметтер
Тегі, аты, әкесінің аты |
|
Туған жері және жылы |
|
Тұрақты тұратын жері, телефон нөмірінің мекенжайы |
|
Азаматтығы |
|
Куәландыратын құжаттың толық деректемелері тұлға |
|
Жақын туыстары (ата-анасы, жұбайы, ағасы, әпкесі, балалары), сондай-ақ туыстары (ағасы, әпкесі, ата-анасы, жұбайының балалары) туралы мәліметтер
№ |
Толық аты-жөні |
Күні, айы, Туған жылы |
Тустық байланыстары |
Жұмыс орны, қызметі |
1 |
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
3 |
|
|
|
|
4 |
|
|
|
|
5 |
|
|
|
|
6 |
|
|
|
|
7 |
|
|
|
|
Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына тікелей немесе жанама қатысу туралы мәліметтер:
№№ |
Заңды тұлғаның атауы, БСН |
Қызмет түрі |
Жарғылық капиталдағы сома мен үлестер |
1 |
|
|
|
2 |
|
|
|
Білімі, оның ішінде жұмыс бейініне сәйкес келетін кәсіптік білім |
|
Қосымша білім, оның ішінде жұмыс істейтін салада біліктілікті арттыру курстары, ғылыми дәрежелер |
|
Қаржы қызметтерін ұсыну және(немесе) реттеу саласындағы, оның ішінде жұмыс істеуге ниетті саладағы жұмыс тәжірибесі (ішкі аудит қызметінің басшылары, бас бухгалтерлер толтырады) |
(ішкі аудит қызметінің басшылары, бас бухгалтерлер толтырады) |
|
|
(қаржы ұйымдарында жұмыс істеген жылдарының санын, қызмет түрлері бойынша аудитор, бухгалтер лауазымына орналасуын көрсету) |
|
Жұмыс істеуге ниет білдірген саладағы басшылық лауазымдағы жұмыс тәжірибесі |
|
(қолда бар жұмыс тәжірибесін сипаттау: лауазымдық міндеттері, кәсіби дағдылары) |
|
Директорлар Кеңесі құрамындағы жұмыс тәжірибесі |
|
Тілдерді білу |
|
Қоғам қызметінің бейініне ұқсас бизнесті білу |
|
Шетелдегі жұмыс тәжірибесі |
|
Тәуелсіз директордың жұмысына уақыт бөлу мүмкіндігі |
|
Листингтен өткен/ өтетін компаниялардағы жұмыс тәжірибесі |
|
Директорлар кеңесінің комитетін басқару мүмкіндігі |
|
Қол жеткізген жетістіктері |
|
Кәсіби ұйымдарға мүшелік |
|
Осы мәселеге қатысты басқа ақпарат |
|
№ |
Жұмыс кезеңі (айы, жылы) |
Ұйымның атауы, атқаратын лауазымдары мен лауазымдық міндеттері, ұйымның координаттары |
1 |
|
|
2 |
|
|
3 |
|
|
4 |
|
|
5 |
|
|
6 |
|
|
7 |
|
|
Экономикалық қызмет саласында жасалған қылмыстар үшін, мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстар үшін Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болуы |
|
Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін лауазымдық міндеттерін орындаудан шеттету туралы деректердің болуы |
|
Бұрын банкрот деп танылған не оған қатысты акцияларды мәжбүрлеп тарату, консервациялау, мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім қабылданған ұйымның басшы қызметкері болған |
|
Осы мәселеге қатысты басқа ақпарат |
|
Мен, ____________________________, осы ақпаратты мұқият тексергенімді және сенімді және толық екенін растаймын және мен ұсынған дұрыс емес мәліметтердің болуы менің тағайындалуыма (сайлануыма) келісімді қайта қарауға (кері қайтарып алуға) негіз болып табылатынын мойындаймын.
(қолы, күні)
_______________________________