Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетіне бағынысты «Философия, саясаттану және дінтану институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны басшысының бос лауазымына үміткерлерді іріктеу бойынша конкурстық комиссия жұмысының қорытындысына сәйкес Ғылым комитеті төрағасының бұйрығымен «Философия, саясаттану және дінтану институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны басшысының бос лауазымына әлеуметтану ғылымдарының докторы, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты директорының орынбасары Айгүл Какимбекқызы Садвокасова тағайындалды.