Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті «Фитохимия» ғылыми-өндірістік орталығы» акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің тәуелсіз директорларына конкурс жариялайды

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті «Фитохимия» ғылыми-өндірістік орталығы» акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің тәуелсіз директорларына конкурс жариялайды

010000, Астана қ., Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, 11-кіреберісте орналасқан Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті «Фитохимия» ғылыми-өндірістік орталығы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қоғам) директорлар кеңесінің тәуелсіз директорларына конкурс жариялайды (Қоғамның мекен-жайы: Қарағанды қаласы, М. Газалиев көшесі, 4).

 

Кәсіпорын қызметінің негізгі түрлері:

 

- Жаңа материалдар мен препараттар алу үшін табиғи, оның ішінде өсімдік шикізатын зерттеу;

- халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес келетін дәрілік препараттарды өндіру бойынша ғылымды қажетсінетін технологиялар мен техниканы жасау жөніндегі ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу және оларды өндіріске енгізу;

- ғылыми-зерттеу қызметін мемлекеттік реттеу бойынша орта және ұзақ мерзімді келешекте фармацевтикалық өндірісті ғылыми-технологиялық дамыту бойынша ұсыныстарды жасау, соның ішінде фармацевтикалық өнеркәсіптің ғылыми зерттеулері мен зерттемелерін ынталандыру жөніндегі мемлекеттік шаралар қолдану.

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

 

Қоғамның тәуелсіз директорларына конкурстық іріктеу мынадай талаптардың біріне жауап беретін кандидаттарды іздеу мақсатында жүргізіледі:

1) ғылым саласында немесе ұйымның  бейіні  (химия табиғи қосылыстар, биоорганикалық хими, фармацевтикалық өндіріс технологиясы) бойынша  және (немесе) экономиканың/қаржының және (немесе) бизнестің және (немесе) басшы лауазымдағы құқық бойынша кемінде 10 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;

2) басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;

3) білім және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктерге мүшелік.

4) Директорлар кеңесінің (бақылау кеңесі) мүшесі ретіндегі кемінде                         3 жұмыс тәжірибесі;

5) халықаралық сертификаттардың болуын қоса алғанда, білімі, мамандығы;

6) бағыттар мен салалар бойынша құзыреттердің болуы (салалар активтер портфеліне байланысты өзгеруі мүмкін);

7) іскерлік бедел;

8) тікелей немесе ықтимал мүдделер қақтығысының болуы.

 

 

Конкурсқа қатысуға мынадай адамдар қабылданбайды:

 

1) заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

2) Осы Қоғамның үлестес тұлғасы болып табылатын және ол директорлар кеңесіне сайланар алдындағы үш жыл ішінде ол болып табылған (осы акционерлік қоғамның тәуелсіз директоры лауазымында болған жағдайды қоспағанда), осы акционерлік қоғамның үлестес тұлғаларына қатысты үлестес тұлға болып табылатын; осы акционерлік қоғамның немесе осы акционерлік қоғамның үлестес тұлғалары ұйымдарының лауазымды тұлғаларымен бағыныстылығымен байланысты және ол директорлар кеңесіне сайланғанға дейінгі үш жыл ішінде осы тұлғалармен бағыныстылықпен байланысты болған; мемлекеттік қызметші болып табылатын; осы акционерлік қоғам органдарының отырыстарында және ол директорлар кеңесіне сайланар алдындағы үш жыл ішінде акционердің өкілі болып табылған; осы акционерлік қоғамның аудитіне аудиторлық ұйымның құрамында жұмыс істейтін аудитор ретінде қатысқан және директорлар кеңесіне сайланар алдындағы үш жыл ішінде осындай аудитке қатысқан тұлға сайланбайды.

Конкурсқа қатысуға үміткер адамдардан құжаттар қабылдау басталатын күн тізілімнің конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап айқындалады. Конкурсқа қатысуға үміткер адамдар үшін құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы жарияланған күннен кейін 5 (бес) жұмыс күні өткен соң аяқталады.

Конкурсқа қатысуға үміткер адам конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің «Фитохимия» ғылыми өндірістік орталығы» акционерлік қоғамының корпоративтік басқарудың кейбір мәселелері туралы» 2025 жылғы 3 сәуірдегі №8-нж бұйрығымен бекітіліген сайлау ережесіне сәйкес   конкурсқа қатысу туралы өтінішті қазақ және орыс тілдеріндегі түйіндемемен қоса электрондық нысанда ұсынады.

Ережеде көрсетілген құжаттар болған жағдайда, сондай-ақ құжат тапсырған адам ереженің талаптарына сәйкес келген кезде Комиссия құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде құжаттар тапсырған адамды конкурсқа қатысуға жіберу туралы шешім қабылдайды.

Комиссия жүргізген бағалау нәтижелері бойынша қойылатын талаптарға сәйкес қатысушылар әңгімелесуге оның өткізілетін күні, уақыты және орны көрсетіле отырып шақырылады.

Әңгімелесуге жіберілген конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы жүргізіледі.

Комиссия конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу өткізу кезінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуін тексереді.

 

Анықтама телефоны:

8(7172) 74-24-62

Электронды пошта: d.mukhamedieva@sci.gov.kz