Ғылым комитеті«Ақпараттық және есептеу технологиялары институты» ШЖҚ РМК бас директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

Ғылым комитеті«Ақпараттық және есептеу технологиялары институты» ШЖҚ РМК бас директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

010000, Астана қ., Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, 11-кіреберісте орналасқан Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті «Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институты» (бұдан әрі – Кәсіпорын) шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды (Кәсіпорынның мекен-жайы: 050010, Алматы қ., Пушкин к-сі, 125).

 Кәсіпорын қызметінің негізгі түрлері:

 1)   ғылыми зерттеулер саласындағы қызметті жүзеге асыру;

2) Кәсіпорын қызметінің ғылыми бағыттары бойынша жаңа техниканың тәжірибелі үлгілерін жасау, қолданбалы технологияларды жетілдіру, енгізу және дамыту бойынша тәжірибелі-эксперименттік жұмыстарды жүргізу, сонымен қатар ғылымды кажетсінетін технологиялардың ақпараттық технологияларын және математикалық модельдерін құру жэне енгізу;

3)  ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде ғылыми-зерттеу ұйымдарымен және білім беру мекемелерімен ынтымақтасу;

4) зерттеу жұмыстарын нормативтік, әдістемелік, метрологиялық қамтамасыз ету, информатика жэне математика саласында мемлекеттік білім беру бағдарламасы бойынша ұсыныстар әзірлеу, оның ішінде информатика жэне математика саласында білім беру стандарттарын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуге қатысу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

  • біліктілік талаптарына сәйкес келетін жоғары білімінің болуы;
  • техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган бекіткен экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіштеріне сәйкес Кәсіпорын қызметі саласындағы басшылық лауазымдарда мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы;
  • мемлекеттік ғылыми ұйым болып табылатын мемлекеттік кәсіпорынның басшысы лауазымына кандидаттар үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор, ғылым кандидаты немесе ғылым докторы дәрежесі болған кезде жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Ғылым және технологиялық саясат туралы», «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын және осы Кәсіпорынның қызмет саласындағы қатынастарды реттейтін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін білу. Мемлекеттік тілді білгені жөн.

 

Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттардың тізбесі:

 

1) конкурсқа қатысу туралы өтiнiш;

2) мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде түйiндеме;

3) еркiн нысанда жазылған өмірбаян;

4) бiлiмi туралы құжаттардың көшiрмелері;

5) еңбек кiтапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшiрмесi не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшiрмелерi;

6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелді) бекітілген № 075/у нысандағы денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысушы өзiнiң бiлiмiне, жұмыс өтіліне, кәсiби даярлық деңгейiне қатысты қосымша ақпаратты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардан құжаттар қабылдау басталатын күн бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап айқындалады. Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардың құжаттарын қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткеннен кейін аяқталады.

Барлық құжаттар болған жағдайда, сондай-ақ тұлға конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптарға сәйкес келген кезде Комиссия құжаттар қабылдау аяқталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде құжаттар тапсырған тұлғаны конкурсқа қатысуға жiберу туралы шешiм қабылдайды. Конкурсқа қатысуға жіберілген тұлғалардың тізімі Комиссия хаттамасымен бекітіледі.

Конкурсқа қатысуға жіберілген тұлғалардың тізімі бекітілгеннен кейін Комиссия конкурсқа қатысушылар ұсынған құжаттарды зерделейді және күнтізбелік он күн ішінде конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу өткізеді.

Конкурсқа қатысу туралы өтініш және өтінішке қоса берілетін құжаттарды қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде мына мекен-жайда қабылданады: 010000, Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, Министрліктер үйі, 11 кіреберіс, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті.

Анықтама телефоны:

8(7172) 74-19-05.

Электронды пошта: ul.auelbekova@sci.gov.kz