2024-2026 жылдарға арналған «Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыру конкурсы туралы

2024-2026 жылдарға арналған «Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыру конкурсы туралы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті 2023 жылдың 17 қарашасында 2024-2026 жылдарға арналған «Жас ғалым»  жобасы бойынша жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыру конкурсына өтінімдер қабылдаудың аяқталғанын хабарлайды.

Барлығы 746 конкурстық өтінім ұсынылды. Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы жүргізген конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігін формалды тексеру нәтижелері бойынша қайта пысықталған 175 өтінім конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейді деп танылды және өтініш берушілерге қайтарылады.

Әрбір өтінім бөлінісінде ресми тексеру кезеңінің нәтижелері қоса беріледі (қосымша). 571 өтінім мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптамаға жіберілді.

Қосымша (ЖҒ)