2023 ЖЫЛҒЫ «ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕР» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

2023 ЖЫЛҒЫ «ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕР» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

2023 жылғы «Үздік ғылыми қызметкер» байқауының нәтижелері белгілі болды. Ғылыми-зерттеу институттарының, жоғары оқу орындарының және ғылыми ұйымдардың 50 ғалымы жеңімпаз атанып, 2000 АЕК көлемінде сыйақы және куәлік алады.

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы N 407-IV «Ғылым туралы» заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің тарапынан ғалымдарды қолдаудың кезекті шарасы жыл сайынғы «Үздік ғылыми қызметкер» сыйлығын тағайындау болды. Ол ғылым мен техниканың дамуына елеулі үлес қосқан ғалымдарды, ғылыми қызметкерлерді қолдауға бағытталған.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер осы конкурс үшін арнайы құрылған және автоматты түрде тоғыз өлшемшарт бойынша балдары бар ақпараттық жүйе арқылы қабылданды. Бұл байқаудың ашықтығы мен транспаренттілігін қамтамасыз етті. Ғылыми жетістіктерді бағалау критерийлері ғылыми және сараптамалық қауымдастықпен бірге жасалды. Байқаудың барлық қатысушысы өтінім беру кезеңінде өз балдарын көре алды. Оларды Республикалық конкурстық комиссия қарады және сараптамалық топтар ұсынылған құжаттардың бекітілген критерийлерге сәйкестігін секцияларда тексерді. Комиссия мен сарапшылар тобының құрамында жетекші ғалымдар, тәуелсіз сарапшылар, мемлекеттік органдардың өкілдері және Жас ғалымдар кеңесінің мүшелері жұмыс істеді.

Конкурсқа қатысу үшін 7 бағыт бойынша барлығы 307 өтінім келіп түсті: «Жаратылыстану ғылымдары», «Инжиниринг және технологиялар», «Медицина және денсаулық сақтау», «Әлеуметтік ғылымдар», «Гуманитарлық ғылымдар және өнер», «Ауыл шаруашылығы және ветеринария ғылымдары» және «Әскери ғылымдар және ұлттық қауіпсіздік».

Сарапшылар ұсынылған материалдар мен құжаттардың таңдалған көрсеткіштеріне сәйкестігін растады немесе растамады.

Сонымен қатар, 2021 жылғы 2 қарашадағы № 544 бұйрығымен бекітілген «Үздік ғылыми қызметкер» жыл сайынғы сыйлығын беру Қағидаларына сәйкес ғылым саласындағы уәкілетті орган конкурс нәтижелерін қайта қарау үшін апелляциялық комиссия құрды.

Апелляциялық комиссияның қарауына барлығы 62 өтініш келіп түсті. Барлық өтінімдерді апелляциялық комиссия мүшелері «Үздік ғылыми қызметкер» жыл сайынғы сыйлығын беруге үміткердің ғылыми жетістіктерін бағалаудың сапалық және сандық көрсеткіштеріне сәйкес алқалы түрде қарады.

Өтініштерді қарау нәтижелері сараланған тізім түрінде ресімделді және Республикалық конкурстық комиссияның қорытынды отырысына жіберілді.

Нәтижесінде Республикалық конкурстық комиссия отандық ғылымның дамуына елеулі үлес қосқан 50 ғалымға 2023 жылғы «Үздік ғылыми қызметкер» сыйлығын беру туралы шешім қабылдады.

 

 

2023 жылғы «Үздік ғылым қызметкер»

жыл сайынғы сыйлығы иегерлерінің тізімі

 

р/с

Аты-жөні

Жұмыс орны

Қорытынды

балл

 

Жаратылыстану ғылымдары (11 сыйлық)

 

1.      

 

Садыбеков

Махмұд Әбдісәметұлы

 

ҚР ҒЖБМ ҒК «Математика және математикалық модельдеу институты» ШЖҚ РМК

130

2.   

Огай

Вячеслав

 

«Ұлттық биотехнология орталығы» ЖШС

121

3.   

Мұсабек

Гауһар Қалижанқызы

 

«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КеАҚ

109

4.    

Беляев

Ержан Келесұлы

 

«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КеАҚ

109

5.    

Кохметова    

Алма Мырзабекқызы

 

ҚР ҒЖБМ ҒК «Биология және өсімдіктер биотехнологиясы институты» ШЖҚ РМК

102

6.    

Ментбаева    

Алмагүл Абдыкалимовна

 

«Назарбаев Университеті» ДББҰ

98

7.    

Қалыбай

Айгерім  Айсұлтанқызы

 

«КИМЭП Университеті» ЖМ

93

8.    

Дубовиченко

Сергей Борисович

 

ЕЖШС «В.Г. Фесенков атындағы астрофизика институты»

92

9.    

Аманбек

Ерлан Аманбекұлы

 

«Назарбаев Университеті» ДББҰ

92

10.  

Жұмаділов    

Талқыбек Қожатайұлы

 

«Ә.Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институты» АҚ

92

11.  

Селиверстова

Евгения Владимировна

 

«Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті» КеАҚ

90

 

Инжиниринг және технологиялар (10 сыйлық)

 

12.  

Нұрпейісова

Арайлым Ахметбекқызы

 

«National Laboraroty Astana» ЖМ

111

13.  

Шлимас

Дмитрий Игорьевич

 

«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ

105

14.  

Султанов

Фаиль Разифович

 

«Аккумулятор институты» ЖШС

103

15.  

Мұсабаев

Рустам Рафикович

 

 

ҚР ҒЖБМ ҒК «Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институты» ШЖҚ РМК

99

16.  

Кульшарова

Гүлсім Хабыловна

 

«Назарбаев Университеті» ДББҰ

96

17.  

Машрапов

Бауыржан Ерболұлы

 

«Торайғыров университеті» КеАҚ

95

18.  

Жұмабеков

Асхат Нұрқанатұлы

 

«Назарбаев Университеті» ДББҰ

92

19.  

Арзықұлов    

Сұлтанғали Үсенбатырұлы

 

«Назарбаев Университеті» ДББҰ

90

20.  

Молдабаев    

Серік Құрашұлы

 

«Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті» КеАҚ

89

21.  

Мұқанова

Алия Оразалинқызы

«National Laboraroty Astana» ЖМ

86

 

     Медицина және денсаулық сақтау (8 сыйлық)

 

22.  

Асқарова       

Шолпан Несіпбайқызы

 

«National Laboraroty Astana» ЖМ

110

23.  

Аймағамбетова        

Гүлжанат       Нұратдинқызы

 

«Назарбаев Университеті» ДББҰ

96

24.  

Кожахметов 

Самат Серікұлы

 

«National Laboratory Astana» ЖМ

95,3

25.  

Табынов        

Қайрат Қазыбайұлы

 

«Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КеАҚ

92,8

26.  

Ахмалтдинова         

Людмила  Леонидовна

 

«Қарағанды медицина университеті» КеАҚ

77

27.  

Хайруллин   

Берік Мұхитұлы

 

«MVA GROUP ғылыми-зерттеу өндірістік орталығы» ЖШС

75

28.  

Тарлыков      

Павел Викторович

 

«Ұлттық биотехнология орталығы» ЖШС

74

29.  

Қоңқаев        

Айдос Кабиболатұлы

 

«Астана медициналық университеті» КеАҚ

62

 

Ауыл шаруашылық және ветеринария ғылымдары (6 сыйлық)

 

30.  

Рсалиев         

Аралбек Сырашович

 

«QazBioPharm» ұлттық холдингі» АҚ

106

31.  

Қараменді     

Көбей Өміртайұлы

 

«Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС

92

32.  

Қыдырманов

Айдын Исағалиұлы

 

«Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС

88

33.  

Исимов         

Арман  Мұратоллаұлы

 

«Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті» КеАҚ

82

34.  

Жүгінісов     

Қуандык Даулетбайұлы

 

«Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты» ЖШС

73

35.  

Есімбеков

Жәнібек Серикбекұлы

 

 

 

«Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ғылыми-зерттеу институты» ЖШС

67

                                                                    

Әлеуметтік ғылымдар (6 сыйлық)

                                                                                                       

36.  

Жуматаева    

Енгилика

 

«Торайғыров университеті» КеАҚ

91

37.  

Қасен 

Мақсат

 

«Astana IT University» ЖШС

86

38.  

Оразалин      

Нұрлан Серікұлы

 

«КИМЭП университеті» ЖМ

86

39.  

Айтимов       

Болат  Жолдасбекұлы

 

«І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті» КеАҚ

79

40.  

Майдырова   

Айгүл Болатқызы

 

«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ

68

41.  

Меңлібекова

Гүлбақыт  Жолдасбекқызы

 

«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ

60

 

Гуманитарлық ғылымдары және өнер (6 сыйлық)

 

42.  

Оразбек         

Мақтагүл Социалқызы

 

«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ

80

43.  

Шақаман      

Ырысгүл Бектемірқызы

 

НАО «Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті»

75

44.  

Жанбосинова

Альбина Советқызы

 

«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ

71

45.  

Елеуов           

Мадияр Елеуұлы

 

«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КеАҚ

69

46.  

Алпыспаева  

Галья Айтпайқызы

 

 

«С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ

64,5

47.  

Абсадық

Алмасбек Ахметұлы

 

 

 

«А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КеАҚ

52

 

 Әскери ғылымдар және ұлттық қауіпсіздік (3 сыйлық)

 

48.  

Бердібеков

Айдар Тоқтамысұлы

ҚР ҚМ «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық Қорғаныс университеті» РММ

99

49.  

Тоғысов    

Амангелді Құрманғажынұлы

 

ҚР ҚМ Әскери білім және ғылым департаменті

87,6

50.  

Бурнаев    

Зуфар  Русланович

ҚР ҚМ «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық Қорғаныс университеті» РММ

85