2026–2028 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру конкурсы туралы хабарлама

2026–2028 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру конкурсы туралы хабарлама

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті 2025 жылғы 11-ші қарашада 2026–2028 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыру конкурсына өтінімдерді қабылдау аяқталғанын хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 7 қарашадағы № 517 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларының және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестігін тексеру нәтижелері бойынша, «ҰМҒТСО» АҚ жүргізген тексеру қорытындысына сәйкес конкурс аясында барлығы 3038 өтінім ұсынылды, оның ішінде 1238 өтінім талаптарға сәйкес келмейді деп танылды және өтінім берушілерге қайтарылатын болады. Қосымша 146 өтінім пысықтаудан келмеді.

Тізім