«Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті» ММ 2026-2028 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыруға арналған конкурстың өткізілетінін хабарлайды.
Конкурстық құжаттама «Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті» ММ https://www.gov.kz/memleket/entities/science?lang=ru, «Ғылым Қоры» АҚ https://science-fund.kz/ және «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ (бұдан әрі – Сараптама орталығы) https://www.ncste.kz/ru/competition сайттарында орналастырылған.
Өтінімдерді қабылдауды бастау мерзімі: 2025 жылғы 10 желтоқсан.
Өтінімдерді қабылдауды аяқтау мерзімі: 2026 жылғы 10 қантар.
Конкурстық өтінімдер жобалау тобы мүшелерінің, жобалау тобы басшысының және өтінім берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған электрондық түрде Сараптама орталығының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ААЖ) www.is.ncste.kz сілтемесі бойынша қабылданады.
Өтінімдерді тіркеу және жеке тіркеу нөмірі (ЖТН) алу үшін Сараптама орталығының ААЖ-мен жұмыс істеу бойынша кеңес беру мына телефондар арқылы алуға болады: +7 727 2221102 (ішкі 208, 209, 212, 220, 222, 224, 227, 232, 240, 241, 242). Жұмыс уақыты: жұмыс күндері Астана қ. уақыты бойынша сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін.
Конкурстық құжаттаманы түсіндіру және өтінімді дайындау мәселелері бойынша консультацияны 2025 жылғы 10 желтоқсаннан 2026 жылғы 09 қантарға дейін алуға болады:
Телефон арқылы: +7 7172 575008, 575015 (ішкі нөмірлері 1011, 1012, 1013, 1014, 1020, 1021, 1022, 1023, 1024, 1030, 1032, 1033, 1034, 1035, 1077, 1080). Жұмыс уақыты: жұмыс күндері Астана қ. уақыты бойынша сағат 08:00-ден 17:30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 12:30-дан 14:00-ге дейін.
Онлайн конференция бойынша:
https://us06web.zoom.us/j/84526908551?pwd=Z6dmkrTibE6xv5blYpTJmbh7kvOb1s.1, Zoom ID: 845 2690 8551, құпия сөзі: 420563. Жұмыс уақыты: жұмыс күндері Астана қ.уақыты бойынша сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін.