Құрметті гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша ғылыми жобалар мен бағдарламалар орындаушылары!

Құрметті гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша ғылыми жобалар мен бағдарламалар орындаушылары!

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті гранттық (оның ішінде жас ғалымдарды гранттық қаоржыландыру мен «Жас ғалым» жобасы) және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде ғылыми жобалар бойынша 2025 жылғы қарашаның 12-нен бастап орындалған жұмыстар актілерін қабылдайтыны туралы хабарлайды (кураторлық тізім және акт нысаны қоса беріледі).

Актілерді дайындау кезінде келесі тармақтарға назар аударуды сұраймыз:

  • шарттың күнтізбелік жоспарына сәйкес жұмыстарды енгізгеннен кейін нақты орындалған жұмыстарды көрсету қажет;
  • есепті кезең үшін алынған зерттеу нәтижелері, жарияланымдардың, патенттердің және т.б. шығу деректері (авторлар, атауы, күні, нөмірі, баспаның орны, беттер саны), сондай-ақ журналдың жылы, сілтемесін, процентилі мен квартилін көрсету қажет (бар болған жағдайда);
  • орындалған жұмыстар актілерінің екі данада ұсынылады (жарияланған жұмыстардың, растайтын құжаттардың және келісім-шарт көшірмелері қоса беріледі).

Бұл ретте орындалған зерттеулер мен нәтижелер туралы мәліметтер есепті кезеңдегі шарттың бекітілген күнтізбелік жоспарына қатаң сәйкес болу керек.

Актілерді қарау келесі электрондық пошта мекенжайлары арқылы жүзеге асырылады:

d.turganbaev@sci.gov.kz – Тұрғанбаев Д.Ә. - 8-7172 -74-25-88.

sa.nurakhmetova@sci.gov.kz – Нурахметова С.А. 8-7172 -74-20-29;

m.kenzhegul @sci.gov.kz –  Кенжеғұл М.О. 8-7172 -74-22-70;

g.kuramaeva@sci.gov.kz – Курамаева Г.Н. 8-7172 -74-19-04;

l.koishygulova@sci.gov.kz – Койшыгулова Л.Р. тел. 8-7172-74-24-68;

p.omirzak@sci.gov.kz – Өмірзақ П.А. 8-7172-74-22-70;

r.almuldayev@sci.gov.kz  - Альмулдаев Р.С.  тел. 8-7172-74-25-88;

yernur.khamit@sci.gov.kz – Хамит Е. М. тел. 8-7172-74-25-88.

 

Кураторлық тізім

Акт нысаны