Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі ғылыми, ғылыми -техникалық бағдарламалар бойынша есептерді қабылдау туралы хабарландыру

Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі  ғылыми, ғылыми -техникалық бағдарламалар бойынша есептерді қабылдау туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті қабылдау жайлы хабарлайды

аралық есептер бойынша:

  • 2024-2026 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша (2024-2026 жылдарға арналған БНҚ конкурсы BR249);
  • 2025-2026 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша (2024-2026 жылдарға арналған БНҚ конкурсы BR271);
  • 2025-2026 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша (2024-2026 жылдарға арналған БНҚ конкурсы BR285).

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 31 желтоқсандағы № 630 бұйрығымен бекітілген «Бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың ғылым саласындағы міндеттемелері шеңберінде жер қойнауын пайдаланушылардың қаражатынан қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алу қағидаларына» сәйкес, есептерді қабылдау бағдарламалардың ғылыми жетекшілерінің және ұйым басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландыру арқылы автоматтандырылған ақпараттық жүйеде (http://is.ncste.kz) электрондық форматта жүзеге асырылады.

Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде бағдарламалар бойынша аралық есептер - ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей ұсынылады.

Сонымен қатар, шартқа сәйкес жұмыстарды көрсетілген мерзімде орындамаған жағдайда, Орындаушы әрбір мерзімі өткен күнтізбелік күн үшін жобаның жалпы сомасының 0,03% мөлшерінде бюджет кірісіне тұрақсыздық айыбын төлейтініне назар аударуды сұраймыз.

Орындаушылар аралық есептерді келесі талаптарға сәйкес дайындауы қажет:

  • Есептер МЕМСТ (ГОСТ) 7.32-2017 талаптарына сәйкес рәсімделуі тиіс (қосымша тіркелген);
  • Есептерді тапсыру тілі: мемлекеттік немесе орыс тілі, сондай-ақ ағылшын тілі (міндетті);
  • Есеп бойынша беттер саны шектелмейді;
  • Келісім-шарттарға сәйкес күнтізбелік жоспарлардың көшірмелері (ағылшын тіліндегі есепте күнтізбелік жоспарлардың көшірмелері мен WORD форматындағы ағылшын тіліндегі аудармасы қоса беріледі);
  • Ағылшын тіліндегі есепте пайдаланылған дереккөздердің тізімі және жарияланған жұмыстардың тізімі ағылшын тіліне аударылып, жақшада жарияланымның түпнұсқа нұсқасының тілі көрсетілуі тиіс;
  • Мақалалар жарияланған халықаралық журналдар үшін Web of Science базасында квартиль және/немесе Scopus базасы бойынша процентиль жарияланған жылы үшін немесе есеп берілген сәттегі соңғысы көрсетілуі тиіс.

Сұрақтар бойынша «ҰМҒТСО» АҚ Ақпараттық ресурстарды қалыптастыру департаментіне хабарласуға болады: тел. +7 (727) 344-11-10 (ішкі 400, 401, 402, 404, 412, 413, 414, 415, 416, 417).

 

Қосымша (ГОСТ)