Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті
аралық есептер бойынша:
қысқаша мәліметтер:
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 31 желтоқсандағы № 630 бұйрығымен бекітілген «Бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың ғылым саласындағы міндеттемелері шеңберінде жер қойнауын пайдаланушылардың қаражатынан қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алу қағидаларына» сәйкес, есептер мен қысқаша мәліметтерді қабылдау жобалар мен бағдарламалардың ғылыми жетекшілерінің және ұйым басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландыру арқылы автоматтандырылған ақпараттық жүйеде (http://is.ncste.kz) электрондық форматта жүзеге асырылады.
Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде бағдарламалар бойынша аралық есептерді және күнтізбелік жоспарға сәйкес жобаны іске асыру туралы қысқаша мәліметтерді қабылдау - ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей ұсынылады.
Сонымен қатар, шартқа сәйкес жұмыстарды көрсетілген мерзімде орындамаған жағдайда, Орындаушы әрбір мерзімі өткен күнтізбелік күн үшін жобаның жалпы сомасының 0,03% мөлшерінде бюджет кірісіне тұрақсыздық айыбын төлейтініне назар аударуды сұраймыз.
Орындаушылар аралық есептерді келесі талаптарға сәйкес дайындауы қажет:
Сұрақтар бойынша «ҰМҒТСО» АҚ Ақпараттық ресурстарды қалыптастыру департаментіне хабарласуға болады: тел. +7 (727) 344-11-10 (ішкі 400, 401, 402, 404, 412, 413, 414, 415, 416, 417).