Ғылым саласындағы сыйлықақылар, мемлекеттік ғылыми стипендиялар алуға арналған конкурс

Ғылым саласындағы сыйлықақылар, мемлекеттік ғылыми стипендиялар алуға арналған конкурс

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі ғылым саласындағы сыйлықақылар, мемлекеттік ғылыми стипендиялар алуға арналған конкурс (бұдан әрі - Конкурс) жариялайды.

Конкурсты өткізу Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 466 бұйрығымен бекітілген ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000020852, 2025 жылғы 24 қазандағы өзгерістермен - https://law.gov.kz/client/#!/doc/216095/kaz), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 14 қазандағы № 517 бұйрығымен бекітілген ғылым саласындағы сыйлықтарды беру үшін жұмыстарды іріктеу өлшемшарттарымен және мемлекеттік ғылыми стипендияларды тағайындауға кандидаттарды іріктеу өлшемшарттарымен (https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/documents/details/725692?lang=kz) және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 маусымдағы № 242 бұйрығымен бекітілген «Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады (https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2000020852, 2025 жылғы 24 қазандағы өзгерістермен және толықтырулармен – https://law.gov.kz/client/#!/doc/216095/kaz).

Сыйлықақылар мен мемлекеттік ғылыми стипендияларды беруге арналған конкурстарға ғылым саласындағы сыйлықақыларды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды беру қағидаларының 3-тармағында көрсетілген ғалымдар мен ғылыми қызметкерлер болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары қатысады.

Ғылым саласындағы сыйлықақыларға, мемлекеттік ғылыми стипендияларға үміткерлердің жұмыстарын қабылдау «Ұлттық инновациялық жүйенің Бірыңғай терезесі» ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматта жүзеге асырылады.

Сыйлықақы алуға өтінім беру: https://astanahub.com/ru/l/awards

Мемлекеттік ғылыми стипендия алуға өтінім беру: https://astanahub.com/ru/l/scholarships

 

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, ғылым саласындағы сыйлықтарға, мемлекеттік ғылыми стипендияларға үміткерлердің жұмыстарын қабылдауды «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» КЕАҚ осы хабарландыру жарияланған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырады.

 

Ғылым саласындағы сыйлықақылар, мемлекеттік ғылыми стипендиялар Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 4 тамыздағы № 389 бұйрығымен бекітілген (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300033264):

жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздiк ғылыми зерттеуі үшiн Қ.И.Сәтбаев атындағы бір сыйлық;

гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздiк ғылыми зерттеуі үшiн Ш.Ш.Уәлиханов атындағы бір сыйлық;

педагогика саласындағы үздiк ғылыми зерттеуi мен жұмысы үшiн Ы.Алтынсарин атындағы бір сыйлық;

түркология саласындағы аса зор жетістіктері үшін Күлтегін атындағы бір сыйлық;

жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздiк жұмысы үшiн жас ғалымдарға арналған Д.А.Қонаев атындағы бір сыйлық;

гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздiк жұмысы үшiн жас ғалымдарға арналған М.О.Әуезов атындағы бір сыйлық;

75 мемлекеттік ғылыми стипендия, оның ішінде қырық жасты қоса алғанда талантты жас ғалымдар үшін 50 мемлекеттік ғылыми стипендия.

 

 

Ғылым саласындағы сыйлықақылар алуға арналған конкурсқа мынадай құжаттар ұсынылады:

1) монографиялар, монографиялардағы тараулар, мақалалар, шолулар, патенттер, авторлық куәліктер түріндегі ғылыми жұмыс (бестен аспауы тиіс);

2) жұмыстың мазмұны, зерттеулердің өзектілігі мен жаңалығы, негізгі ғылыми нәтижелері, олардың маңыздылығы мен одан әрі пайдалану мүмкіндігі баяндалатын жұмыстың сипаттамасы (баспа бетінің жартысынан аспайтын);

3) жұмысты ұсынған ұйымның консультативтік-кеңесші органы отырысының хаттамасынан үзінді;

4) сыйлықақы алуға үміткердің негізгі жұмыс орнынан анықтама;

5) сыйлықақы алуға үміткердің шығармашылық үлесін көрсете отырып, оның ғылыми қызметінің қысқаша сипаттамасы (ұжымдық жұмыстар үшін);

6) конкурсқа ұсынылған жұмыстың бұрын республикалық бюджет қаражатынан төленетін сыйлықақыларға ие болмағанын куәландыратын жұмысты ұсынған ұйымнан анықтама;

7) енгізу актісінің көшірмесі (бар болған жағдайда);

8) қолданыстағы жиырма таңбалы карталық шот туралы хабарлама.

Осы тармақтың 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген құжаттар сыйлықақы алуға үміткер жұмыстан босатылған кезде оның соңғы жұмыс орнынан ұсынылады.

 

Мемлекеттік ғылыми стипендиялар алуға арналған конкурсқа мынадай құжаттар ұсынылады:

1) ұйымның консультативтік-кеңесші органының дәлелді өтінішхаты (ұсынымы);

2) мемлекеттік ғылыми стипендия алуға үміткердің негізгі жұмыс орнынан анықтама;

3) мемлекеттік ғылыми стипендия алуға үміткердің соңғы бес жылдағы ғылыми жарияланымдарының тізімі, сондай-ақ олардың ең маңыздыларының (бестен аспайтын) баспа-таңбасы;

4) енгізу актісінің көшірмесі (бар болса);

5) ғылыми жобалар мен бағдарламаларға басшылықты растайтын құжаттар (бар болса, талантты жас ғалымдарға мемлекеттік стипендия ізденушілер үшін талап етілмейді)

6) Қазақстан Республикасында философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор (бар болса, талантты жас ғалымдарға мемлекеттік стипендия ізденушілер үшін талап етілмейді);

7) халықаралық ынтымақтастықты растайтын құжаттар (бар болса, талантты жас ғалымдарға мемлекеттік ғылыми стипендия ізденушілер үшін ғана);

8) қолданыстағы жиырма сандық карталық шоты туралы хабарлама.

 

Отандық баспа шығарған монография бойынша баспа мәтінінің екі бетіне дейінгі көлемде аннотация, титулдық парақтың көшірмесі, шығыс деректері және кемінде екі рецензия ұсынылады. Шетелдік баспа шығарған монография бойынша баспа мәтінінің екі бетіне дейінгі көлемде аннотация, титулдық парақтың көшірмесі және шығыс деректері ұсынылады.

 

Байланыс үшін:

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» КЕАҚ:

+7 727 3382449

+7 708 6529190

+7 776 0578115

+7 700 0483736

 

Техникалық қолдау (Ақпараттық жүйемен байланысты мәселелерге қатысты):

+7 777 522 0247

1818