2026-2028 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурсты өткізу туралы хабарландыру

2026-2028 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурсты өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым Комитеті Конкурстық құжаттамаға сәйкес ғылымды дамытудың басым бағыттары:

– Экология, қоршаған орта және табиғатты ұтымды пайдалану;

– Энергия, озық материалдар және көлік;

– Озық өндіріс, цифрлық және ғарыштық технологиялар;

– Елдің зияткерлік әлеуеті;

– Өмір және денсаулық туралы ғылым;

– Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту;

– Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс, биологиялық қауіпсіздік мамандырылған ғылыми бағыттар бойынша 2026-2028 жылдарға арналған гранттық қаржыландыруға конкурс өткізетіні жөнінде хабарлайды.

«ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесі (is.ncste.kz) арқылы өтінімдер беру бойынша кеңес алу үшін Call center: +7 (727) 344-11-10 (ішкі. 203, 210, 211, 213, 214, 218, 219, 221, 223, 226, 227, 230, 233, 234).

Жұмыс уақыты: дүйсенбі - жұма, сағат 9:00-ден 18:00-ға дейін, түскі үзіліс: сағат 13:00-ден 14:00-ға дейін.

Ғылыми жетекшінің және өтінім берушінің электрондық цифрлық қолымен расталған конкурстық өтінімдер Ғылым комитетіне электронды түрде «ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесі https://is.ncste.kz сілтеме арқылы беріледі.

Өтінімдерді қабылдаудың басталуы – 2025 жылғы 6 қазан.

Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі - 2025 жылғы 6 қараша (қоса алғанда).

Конкурсная документация

Конкурстық құжаттама