2025 жылғы 18 маусымда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен 2025 жылғы Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника және А. Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы мемлекеттік сыйлықтарын беру жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Комиссия мүшелері мемлекеттік сыйлықты алуға ұсынылған жұмыстарды қарастырып, мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың нәтижелерімен және бес секцияның сараптамалық-талдамалық ұсыныстарымен танысты.
«Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника,
А. Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар және Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 993 Жарлығына сәйкес Комиссия отырысының қорытындысы бойынша алдын ала іріктеуден өткен жұмыстардың тізімі кеңінен талқылау мақсатында жарияланады.
Авторлар:
1) Абсаметов Маліс Қудысұлы – жұмыстың жетекшісі;
2) Аязбаев Рахматулла;
3) Көлдеев Ержан Итеменұлы;
4) Мұртазин Ермек Жамшитұлы;
5) Смоляр Владимир Александрович.
Ұйым: «У.М. Ахмедсафин атындағы Гидрогеология және геоэкология институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Авторлар:
1) Сахиев Саябек Қуанышбекұлы – жұмыстың жетекшісі;
2) Борисенко Альбина Рихардовна;
3) Гизатулин Шамиль Хайрулович;
4) Ермаков Евгений Леонидович;
5) Жүсіпов Марат Әбжанұлы;
6) Кислицин Сергей Борисович;
7) Чакрова Елена Тихоновна;
8) Шаймерденов Әсет Абдуллаұлы.
Ұйым: «Ядролық физика институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Авторлар:
1) Кенжалиев Бақдәулет Кенжәліұлы – жұмыстың жетекшісі;
2) Володин Валерий Николаевич;
3) Оспанов Ержан Арыстанбекұлы;
4) Требухов Сергей Анатольевич;
5) Шахалов Александр Александрович.
Ұйым: «Металлургия және кен байыту институты» акционерлік қоғамы.
Автор:
1) Самашев Зайнолла.
Ұйым: «Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Автор:
1) Сыдықназаров Мұхит-Ардагер Қаржаубайұлы.
Ұйым: «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті» жеке меншік жоғары кәсіби білім беру мекемесі.
Авторлар:
1) Сәбитов Жақсылық Мұратұлы – жұмыстың жетекшісі;
2) Ағатай Өткірбай Мылтықбайұлы;
3) Жұмағалиев Дархан Аманжолұлы;
4) Жабагин Мақсат Қизатұлы;
5) Көшкімбаев Айболат Қайырслямұлы;
6) Муминов Аширбек Құрбанұлы;
7) Темірғалиев Радик Жексенбайұлы.
Ұйым: «Жошы Ұлысын зерделеу ғылыми институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Осы жұмыстар бойынша пікірлер 2025 жылғы 1 тамызға дейін Астана қ., «Министрліктер Үйі», 11-кіреберіс, 935-кабинет мекенжайы арқылы қабылданады.
Анықтама телефоны 8(7172) 74-24-59.