2026–2028 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурсы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті 2026–2028 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурсына өтінімдерді қабылдау аяқталғанын хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 7 қарашадағы № 517 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларының және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестігін тексеру нәтижелері бойынша, «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ жүргізген тексеру қорытындысына сәйкес конкурс аясында барлығы 346 өтінім ұсынылды, оның ішінде 112 өтінім талаптарға сәйкес келмейді деп танылды және өтінім берушілерге қайтарылатын болады. Сонымен қатар, 21 өтінім пысықтаудан келмеді. Өтінім берушімен 1 өтінім кері қайтарылды.

Дата публикации
12 августа 2026