Абай университеті, «Respublica» партиясы және «Ерекше бақыт» қоры инклюзия саласында меморандумға қол қойды

Абай университеті, «Respublica» партиясы және «Ерекше бақыт» қоры инклюзия саласында меморандумға қол қойды

Абай университеті, «Respublica» партиясы және «Ерекше бақыт» қоры инклюзия саласында меморандумға қол қойды

Бүгін, 16 мамыр күні, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, «Respublica» партиясы қоғамдық бірлестігі және «Ерекше бақыт» қоғамдық қоры арасында аутизм спектрі бұзылған (АСБ) тұлғаларды қолдауға бағытталған үшжақты ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Меморандумның мақсаты – АСБ тұлғаларға кешенді қолдау көрсету, инклюзивті білім беру ортасын дамыту, осы салада білікті мамандар даярлау және AВА-терапиямен қатар заманауи ғылыми әрі түзету әдістемелерін енгізу арқылы аутизм мәселелерін жүйелі және ғылыми негізде шешу.

Іс-шараға Мәжіліс депутаты, Respublica партиялық фракциясының өкілі Екатерина Смолякова, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің академиялық қызмет жөніндегі проректоры Бану Нарбекова, «Ерекше бақыт» қоғамдық қорының директоры Әлия Әбдібайтова, Болат Өтемұратов қорының аймақтық директоры Абай Нұрмұханов пен мемлекеттік органдардың, сарапшылық қауымдастықтың, үкіметтік емес ұйымдар мен басқа да сала өкілдері қатысты.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті инклюзивті білім беруді дамытуға айрықша назар аударады. Қазіргі таңда университеттің барлық педагогикалық бағыттағы білім беру бағдарламаларына «Инклюзивті білім беру» пәні міндетті курс ретінде енгізілген.

Сонымен қатар арнайы және инклюзивті педагогика бағыттары бойынша келесі білім беру бағдарламалары жүзеге асырылуда:

✔ Арнайы педагогика (сурдопедагогика, логопедия, инклюзивті білім беру);

✔ Арнайы педагогика: аутизм спектрі бұзылған балаларды сүйемелдеу (IP);

✔ Арнайы педагогика: сурдопедагогика;

✔ Арнайы педагогика: логопедия;

✔ Арнайы педагогика: инклюзивті білім беру.

Аталған бағдарламалар ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен кәсіби жұмыс істей алатын мамандарды даярлауға бағытталған.